02.02.2021, 10:40
Жаңалықтар
Алматыда бір топ лауазымды тұлғаға қатысты сот үкімі шықты
Залал сомасы – 6,5 млрд теңге
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (ММРК) «Резерв» РМК филиалдарының лауазымды тұлғаларына және азық-түлік жеткізушілеріне қатысты (барлығы 22 адам) сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде ысырап ету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Залал сомасы – 6,5 млрд теңге.
1 ақпанда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен 21 адамға қатысты бас бостандығынан айыру және біреуіне қатысты бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Атап айтқанда:
- ММРК бұрынғы төрағасы Иманалиев 8 жылға бас бостандығынан айырылды (үй қамауы үкім заңды күшіне енгенге дейін сақталды, үкім күшіне енгеннен кейін ол қамауға алынады);
- ММРК Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Мақашев 8 жылға бас бостандығынан айырылды;
- «Резерв» – «Высота» РМК филиалының директоры Жақанов пен бөлім бастығы Родин, сондай-ақ «Резерв» – «Сигнал» РМК филиалының директоры Ғалиев 8 жылға бас бостандығынан айырылды;
Аталған лауазымды тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
- «Резерв» – «Высота» РМК филиалы директорының орынбасары Құсайыновқа 2 жылға бас бостандығына шектеу қойылды;
- азық-түлік өнімдерін жеткізушілер Адамов, Дроздецкая, Тартуманов, Рашитов, А.Сабазов А., О.Сабазов, Абдукаримов, Бақаев, Ғабдуллин, Садай, Исаев, Б.Қожанов, Д.Қожанов, Қанатхан, Мұстафинов, Оспанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Көп оқылған
05.06.2026, 09:46
«Қазақ энциклопедиясын» меншіктеп алған: түрмедегі Мұхамедиұлының тағы да бір миллиардтаған былығы әшкереленді
05.06.2026, 10:40
«Әділдік іздеймін деп сотқа барған ағам қазір өлім аузында жатыр»: Ордабасыда күйінген мұғалім қарнына пышақ салды
05.06.2026, 07:21
Солтүстікте найзағай, оңтүстікте +34 градус ыстық: 5 маусымға арналған ауа райы болжамы
05.06.2026, 08:25
Павлодар облысында көлік аударылып, бір бала қаза тапты