02.02.2021, 00:26
Жаңалықтар
ШҚО-да екі адамды қасқыр талап тастады
8 жастағы бала мен оның анасы аудандық ауруханаға жеткізілді
Фото: ашық дереккөзден
Шығыста екі адамды қасқыр талап тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
«Сағат 21:30-да даладағы малдарды қораға кіргізу үшін әйелі және баласы шыққан. Сол кезде қасқыр әйелі мен баласына шабуыл жасап, жарақаттаған. Әйелі мен баласының айқайлаған дауысына айыр ұстап шыққан үй иесі қарсы атылған қасқырды шаншып өлтірген. Жұбайының оң қолын қасқыр жұлып кеткен, баласының аяғына тістерінің ізі басқан. Қазір олар аудандық ауруханада», - дейді Маралды ауылдық округінің әкімі Фархат Өжікенов.
Қасқыр ветеринарлық зертханаға жөнелтілді.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты