31.01.2021, 03:34
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда үш көшеде тұрғын үй кешендері жарықсыз қалды
Елордада электр желісінде апат болды
Фото: ашық дереккөзден
Елордада электр желісінде апат болып, бірнеше тұрғын үй жарықтан ажыратылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана-РЭК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 қаңтар күні сағат 20:58 кезінде «Сол жағалау» стансасының 407 нөмірлі 10 кВ ұяшығы апаттық жағдайда өшірілген. Бүгінгі таңда Сығанақ, Түркістан және Алматы көшелеріндегі 6 тұрғын үйде жарық жоқ.
Тұрғын үй кешендерінің қажеттілігін өтеу үшін дизель генераторлары орнатылып жатыр. Қазіргі уақытта Есіл ауданының 19 адамнан тұратын 5 бригадасы апат салдарын жоюға жұмылдырылған. Олар электр тарату желісінің жұмысын қалпына келтіруге атсалысып жатыр.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты