Мобильді топ 67 кәсіпкерлік нысанды тексерді
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті карантин режимін бұзған ойын-сауық орындарын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, әкімдік қызметкерлері, еріктілер мен полиция қызметкерлерінен құралған мобильді топ күн сайын карантин режимінің сақталуы бойынша рейдтік шаралар өткізеді. Астаналықтар бірқатар ескерту шаралары көрсетілген қаулыға қарамастан, әлі де ойын-сауық нысандарына, компьютерлік клубтарға барудан, достар арасында уақыт өткізуден тартынар емес. Бейқам тұрғындар санитарлық талаптарды елемей, қала тұрғындарына қауіп төндіруде», - деп жазды департамент Instagram парақшасында.
Өткен тәулікте мобильді топ 67 кәсіпкерлік нысанды тексеріп, карантин бұзудың 16 жағдайын анықтады.