ШҚО-да департамент басшысы жемқорлық қылмысы үшін 3 жылға сотталды
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Әлзахов Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі-190-бабының 3-бөлігі 1, 2-тармақтарында көзделген қылмыс жасағаны үшін сотталды.
Ол «Восток Инжиниринг» ЖШС директорына қадағалаудағы кәсіпорындармен технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жөнінде шарттарды жасасуға жалпы қамқорлық және жәрдем көрсету үшін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен 7 млн теңге қаржыны заңсыз алған.
Б. Әлзаховқа қатысты 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.