Қырғызстанда ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы ұсталды

Ол биыл президенттік сайлауда үміткер болған еді

Қырғызстанда ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы ұсталды
Sputnik Кыргызстан

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Абдиль Сегизбаев ұсталды деп жазады Tengrinews.kz. Оны Жогорку Кенеш депутаттарының намысына тиіп, беделін түсірді деп айыптап отыр.

Бас прокуратураның мәліметінше, 14 қаңтар күні прокуратураға арызбен Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Алмамбет Шыкмаматов келген.

«Аталған арыз бойынша Қылмыстық кодекстің 320-бабы (лауазымын асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оған Жогорку Кенеш депутаттары Алмамбет Шыкмаматов, Аида Салянова және Омурбек Текебаевтың беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер жасады деген айып тағылып отыр. Яғни, халықтың алдында Сегизбаев аталған депутаттарды дәлелсіз айыптаған», - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

ҰҚК-ның экс-басшысы уақытша тергеу изоляторына қамалған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.