$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.01.2021, 03:41
Жаңалықтар

ШҚО-да жолда қалған 26 адам құтқарылды

Құтқарушылар арнайы техникамен келіп, көліктерді жолдан шығарды

ШҚО-да жолда қалған 26 адам құтқарылды
Фото: altaynews.kz

ШҚО төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері қарлы боранда жолда қалған 26 адамды құтқарды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Көмек туралы алғашқы шақырту Мақаншы-Үржар тас жолынан түскен екен. Онда Тоyota Highlander көлігі жолдан шығып кетіпті. Құтқарушылар көлікті алып шыққан соң, жүргізуші мен екі жолаушы Мақаншы ауылына қарай жол тартты.

Келесі қоңырау Мақаншы-Благодарное автожолында қалып қойған 4 жолаушыдан түсті.

Тарбағатай ауданының Ақжар-Шілікті автожолында да екі автокөлік қар құрсауында қалған екен. 

Оларға көмекке келген Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 4 жолаушыны қыстаққа жеткізді.

Омбы-Майқапшағай тас жолында 6 автокөлік қалып қойған екен. Оның ішінде «Газель» және КамАЗ көліктері де бар. Құтқарушылар арнайы техникамен келіп, көліктерді қар алып қалған жолдан шығарды. Сондай-ақ, 15 жолаушы Зайсан қаласына жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#қар #ШҚО