$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.01.2021, 12:34
Жаңалықтар

Павлодар облысында карантин 8 ақпанға дейін ұзартылды

Өңірдегі қалааралық және ауданаралық автобустардың жұмысы тоқтатылады

Павлодар облысында карантин 8 ақпанға дейін ұзартылды
Фото: ашық дереккөзден

Өңірде санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы  жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жаңа қаулы 2021  жылдың 25 қаңтарында сағат  00:00-ден бастап, қолданылу мерзімі - 2021 жылдың 8 ақпанының 00.00 сағатына дейін күшіне енеді.

Қаулының толық мәтіні:
         
Мен, Павлодар облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, Алиев Батырбек Төлеубекұлы, Павлодар облысы тұрғындарының арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында,  Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»  № 360-VI ҚРЗ Кодексінің  38-бабына, 104-бабы, 2-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:   
  
1. Павлодар облысы аумағында шектеулі карантиндік шаралар туралы» 2021 жылғы 17 қаңтардағы №1 Қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақтың 9) тармақшасы төмендегі  редакцияда жазылсын: 
«9)қалааралық, (Павлодар-Ақсу-Павлодар маршрутымен біріктірілген Ақсу-Павлодар-Ақсу қоспағанда),ауданаралық автобус, шағын автобус жолаушылар тасымалының жұмысы тоқтатылсын»;
2)  1-тармақтың 20) тармақшасы төмендегі  редакцияда жазылсын: 

 «20) ғимарат ішінде ғимарат ішіндегі жалпы 30 орыннан  асырмай, әлеуметтік арақашықтықты сақтап отырғызылуын, үстелдердің көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр арақашықтықта орналасуын және бір үстел алдында 4-6-дан аспайтын адамдардың отырғызылуын сақтап, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа жаппай өткізілетін іс-шараларды өткізбей, сағат 8:00-ден бастап 20:00-ге дейінгі жұмыс тәртібімен, жеткізілім режимінде 22.00-ге дейін, ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отырып, қоғамдық тамақтану нысандарының (мейрамханалар, кафе, барлар, асханалар мен басқа нысандар) қызметіне, жеткізу\алып шығу форматында – уақытын шектемей, осы Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін келушілердің ас ішу залында  болуына тыйым салып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі мен жексенбі күндері жұмысты тоқтата отырып (тек жеткізу/алып шығу режимінде) рұқсат беру»;
3) 1-тармақтың 21) тармақшасы төмендегі  редакцияда жазылсын: 

«21)  ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, толымдылығы 50% дейін,  30 отыратын орыннан аспаған, жеке кірер жері болған жағдайда, сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан (жеке үй-жайларда) қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне жұмыс уақытын 9:00-ден 20.00 дейінгі тәртіппен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі мен жексенбі күндері жұмысты тоқтата отырып (тек жеткізу/алып шығу режимінде) рұқсат беру»;  

4) 1-тармақтың 39) тармақшасы төмендегі  редакцияда жазылсын:
« 39) "Азаматтарға арналған үкімет "МК" КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесіне, сондай-ақ Call center, бейне-ассистенттердің жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі, жексенбі және мереке күндері жұмыс кестесіне тыйым салынсын. Мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (алдын ала броньсыз) жұмыс кестесіне, сенбі, жексенбі және мереке күндеріне тыйым салынсын". Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының ХҚКО-ларына бару үшін кезекті алдын ала брондау қажет (egov.kz портал, 1414 байланыс орталығы және eGov mobile қосымшасы арқылы )»;

5) 1-тармақтың 52) тармақшасы төмендегі  редакцияда жазылсын: 
 «52) ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, барлық сауда объектілеріне, қоғамдық көліктерге, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға, дәліздерге, лифтілерге, ұйымдарға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді қамтамасыз етсін».

2. «Павлодар облысы аумағында шектеулі карантиндік шаралар туралы» 2021 жылғы 17 қаңтардағы №1 Қаулының 1 тармағының 9),20),21),39),52) тармақтары алынып тасталынсын.
3. Осы Қаулының орындалуын өзім бақылайтын боламын
          4. Осы №2 қаулы 2021  жылдың 25 қаңтарында  сағат  00:00-ден бастап, қолданылу мерзімі - 2021 жылдың 8 ақпанының 00.00 сағатына дейін күшіне енеді.

Павлодар облысының
Бас мемлекеттік 
санитарлық дәрігері 
                                                                                Б. Алиев. 

Серіктес жаңалықтары