$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.01.2021, 23:55
Жаңалықтар

Түркістан облысында тыйым салынған діни әдебиеттерді таратқан тұрғын ұсталды

Тұрғын сайттардың біріне діни әдебиеттерді сату туралы хабарландыру орналастырған

Түркістан облысында тыйым салынған діни әдебиеттерді таратқан тұрғын ұсталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері тыйым салынған діни әдебиеттерді таратқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында сайттардың бірінде діни әдебиеттерді сату туралы хабарландыру орналастырған Түркістан қаласының қарт тұрғынын ұстады. Діни сипаттағы тыйым салынған әдебиетті заңсыз таратқаны үшін ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 2-бөлігі (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) әкімшілік хаттама толтырылды.

Ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Ол бұл теріс әрекетін толығымен мойындады және бұрын жарияланған хабарландыруды өшірді. Жиналған материалдар тиісті заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілді. Нәтижесінде сот қаулысымен облыс орталығының тұрғыны кінәлі деп танылып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары