Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында бірнеше жол жабылды
Жол қатты боран салдарынан жабылды
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы қатты боранның салдарынан республикалық және облыстық бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 қаңтарда сағат 16.50-де Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты (боран, жолда көрудің нашарлауы) «Үшарал-Достық» автожолының 0-184 шақырымында Үшарал - Достық стансасы аралығында («Автодор НС»АБК реконструкциялау учаскесі) автокөліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді.
Сағат 16.30-да «Алматы-Өскемен» автожолының 70-287 шақырымында Қапшағай -Талдықорған қалалары арасындағы учаскеде жүк және қоғамдық автокөліктерге, сондай-ақ «Алматы-Өскемен» автожолында Талдықорған қаласы - ШҚО облысының шекарасы аралығында жолдың 287-615 шақырымында барлық автокөлік жүрісіне тыйым салынды.
Сағат 16.50-де «Алматы-Өскемен» автожолының 615-683 шақырымында Алматы облысы - Таскескен ауылының бұрылысына дейін барлық көліктің қозғалысы шектелді.
Сағат 17.00-де «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» автожолының 126-230 шақырымында Байсейіт-Шонжы ауылдары аралығында барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді.
Сағат 19.00-де «Алматы-Шелек-Қорғас» тас жолының 136-243 шақырымында Байсейіт-Шонжы ауылдары аралығындағы учаскеде барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді (бұл «ҚазАвтоЖол» ҰК « АҚ Ақылы жолдар дирекциясына қарасты учаске).
Сағат 19.30-да «Кеген-Нарынқол» автожолының Кеген - Нарынқол учаскесінде 0-89 шақырымы аралығы барлық автокөліктер үшін жабылды.
22 қаңтарда сағат 18.50-де Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты (қар, бұрқасын, жолдарда көрудің нашарлауы) «Омбы-Майқапшағай» автожолының 756-906 шақырымында Семей қаласы - Қалбатау учаскесінде жүк және қоғамдық автокөліктер қозғалысы шектелді.
22 қаңтарда сағат 19.20-да «Таскескен-Бақты-ҚХР шекарасы» жолының 0-187 шақырымында Таскескен ауылының бұрылысы мен ҚХР шекарасы учаскесінде барлық көлік түрінің жүруіне тыйым салынды.