Ол 1,4 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан қаласы құрылыс басқармасының бөлім басшысы жеке компания директорынан орындалған жұмыстардың актілерін кедергісіз төлеуге жәрдемдескені үшін 1,4 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Оған 42 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы №2 сотының үкімімен Нұр-Сұлтан қаласы құрылыс басқармасының бөлім басшысы Е.А.Наурызбаевқа мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 42 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.