Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл облыстарда тұман түсіп, көктайғақ болады

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

23 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола облысында ауа температурасы 30-35, кей жерлерде 38 градусқа дейін күрт төмендейді.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік батыстан соққан жел, солтүстікке ауысады, түнде кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жел оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы минус 30-35-ке дейін төмендеуі мүмкін. 24 қаңтарда түнде кей жерлерде 40 градус қатты аяз болады.

23 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік батыстан соғады, 15-20 м/с дейін күшейеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.