Мамандар шот ашуға ниетті қазақстандықтардың саны артып жатқанын хабарлады
Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидалары бекітілді. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен брифингта мәлім болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі дайындаған ережелерді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басшысы Еркебұлан Дауылбаев баяндады.
Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін мынадай мақсаттарға пайдалануға жол беріледі:
Комитет басшысы өтініш беру қағидаралын да тізіп шықты.
«Өтінішті ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба) арқылы немесе өзге электрондық тәсілмен уәкілетті оператордың интернет - ресурсында авторизациялау, жеке кабинет ашу және арнайы шот ашу арқылы беруге болады. Арнайы шотты ашқаннан кейін оның нөмірін, пайдалану мақсатын, қолжетімді соманы, жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілдерін көрсете отырып, төлемге электрондық өтініштерді толтыру қажет. Төлем алуға «Отбасы банк» арқылы жүгінген жағдайда құжаттар 45 жұмыс күні ішінде ұсынылады, ал өтініш екінші деңгейдегі банктер арқылы берілген жағдайда құжаттарды дереу ұсыну қажет», - деді Еркебұлан Дауылбаев.
Сонымен қатар брифинг барысында комитет басшысы Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, меншікке тіркелген жылжымайтын мүлікті 5 жыл бойы сатуға тыйым салынатынын атап өтті.
«Азамат кепілге берілген жылжымайтын мүлкін сатқан жағдайда біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын уәкілетті операторда ашылған алушының арнайы шотына 5 жұмыс күні ішінде қайтаруға тиіс(яғни, банкке кері қайтаруы тиіс)», - деді комитет басшысы.
Біржолғы зейнетақы төлемдерін алушының жұбайынан (зайыбынан), жақын туыстарынан жылжымайтын мүлік сатып алуға пайдалануға жол берілмейді.
Сонымен қатар, «Отбасы Банк» АҚ Басқарма төрайымы қазірдің өзінде шот ашуға ниетті қазақстандықтардың саны артып жатқанын хабарлады
«Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсаттарына қолдануды көздеп отырған БЖЗҚ салымшылары 13 қаңтардан бастап «Отбасы банкінде» онлайн режимде ағымдағы арнайы шот ашып жатыр. Бүгінгі күннің өзінде Банкте 57 000 астам арнайы шот ашылды», - деді «Отбасы Банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан