22.01.2021, 15:54
Жаңалықтар
Қарағанды облысында КВИ шыққан бірнеше мектеп қашықтан оқыту форматына ауысты
Облыста 6 мектеп онлайн форматқа көшті
көрнекі фото
Қарағанды облысының мектептерінде коронавирус инфекциясы тіркелуіне байланысты, Қарағанды қаласының Октябрь ауданы, Теміртау қаласы, Осакаров және Ақтоғай аудандары аумақтарындағы 6 мектеп қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Сондай-ақ бірлі-жарым сырқаттану жағдайы тіркелген және жақын байланыста болған адамдардың шектеулі тобы анықталған Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалаларының және Абай ауданының 20 мектебінде ауырып қалған оқушылар оқитын сыныптар қашықтан оқытуға ауыстырылды.
Эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы қаулыға сәйкес аталған білім беру объектілерінде қорытынды дезинфекция ұйымдастырылды, жақын байланыстағылар арасында тексеру жүргізілді.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты