ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 769 адамнан коронавирус анықталды

Тәжік шекарасына шабуыл жасаған ДАИШ лаңкестері кішкентай балаларды пайдаланған

Олардың ең үлкені 15 жаста болса, кішісі 4-те

РБК

Қараша айының басында тәжік-өзбек шекарасындағы «Ишкобод» заставасына қарулы шабуыл жасаған лаңкестер қатарында әйелдер мен кішкентай балалар көп болған. Бұл туралы Тәжікстанның ҰҚК өкілдері мәлімдеді деп хабарлайды Ca-news.org.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Мухаммад Саидовтың айтуынша, 6 қарашада заставаға шабуыл жасағандардың қатарында 9 ер азамат, 11 әйел және кәмелетке толмаған 13 бала болған. Балалардың ең үлкені 15-те болса, кішісі небәрі 4 жаста. Әзірге олардың лаңкестік шабуылда қандай роль атқарғаны айтылмай отыр.

15 жастағы жеткіншек 8 сыныпта оқыған. Ол оқиға болатын күні өзге елдімекенде тұратын ата-анасымен кездесемін деп сабақтан сұранып кетіпті.

Анықталғаны, лаңкестік топ Соғды облысында құрылып, соңғы айда ел астанасына шоғырланған. Оларды учаскелік полиция байқағанымен, ешқандай шара қолданбаған. Көршілері де бейтаныс адамдардың көбеюіне аса мән бермеген. Енді өз ісіне салғырттық танытқан тәртіп сақшылары жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Еске салайық, тәжік-өзбек шекарасындағы заставаға 6 қараша күні шабуыл жасалып, қарулы топтың 15 адамы оққа ұшқан еді. Қалғандары тірідей қолға түсті. Сондай-ақ, 2 шекарашы да атыс кезінде қаза тапты. Артынша, бұл оқиғаны ДАИШ лаңкестік ұйымы өз мойнына алды.