18 қаңтар күнгі ауа райы болжамы
Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады
18 қаңтар күні елдің солтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде және орталығында аздаған қар жауады. Қазақстан аумағының қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, батыста көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының түнде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде жаяу бұрқасымен күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейіп, жаяу бұрқасымен болуы ықтимал.
Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-22 м/с жетеді.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.