Қазақстанға 431 жолаушы ПТР-анықтамасыз ұшып келді

16 қаңтар күні Қазақстанға 14 халықаралық әуе рейсі ұшып келді

Қазақстанға 431 жолаушы ПТР-анықтамасыз ұшып келді
Фото: ашық дереккөзден

16 қаңтар күні Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь және Өзбекстан елдерінен барлығы 14 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, өткен тәулікте елімізге шетелден 2 031 жолаушы ұшып келген. Олардың 1600-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 431 адам келген, барлығы да ҚР азаматтары.

«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ министрлік ақпаратына сәйкес, 15 қаңтар күні шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген Қазақстанның 216 азаматының тест нәтижесі белгілі болды. Оған сәйкес, барлық жолаушыда коронавирусқа тест теріс нәтиже көрсеткен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.