Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде 70-ке жуық адам жиналған

Қалада карантин кезінде сауық құратындар азаймай тұр

Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде 70-ке жуық адам жиналған
Фото: ашық дереккөзден

Қалада карантин кезінде сауық құрып, санитарлық талаптарды бұзатындар азаймай тұр. Түнгі сағат 11-ден кейін мейрамханаға қонақ қабылдағандардың жасырын әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Ережені елемей, тәртіпке бағынбағандар алдымен Алмалы ауданында ұсталды. Шевченко көшесінің бойында орналасқан түнгі клубта 70-ке жуық адам көңіл көтерген. Ал, қожайыны болса сұраққа жауап бермей басын ала қашты.  

Мониторинг топ құрамында еріктілер де бар. Олар алдымен қонақ ретінде қаладағы кез келген нысанға кіреді де, бақылау жүргізеді. Кейіннен клуб немесе мейрамхана иесінің ережеге қарсы жұмыс істеп жатқанын көргеннен кейін тәртіп сақшыларына хабар береді.

«Шыны керек енді соңғы кезде жиі кездесіп тұрады. Заңбұзушылықтар көбейіп жатыр өкінішке орай. Көп адамдар коронавирустың қаупін түсіне бермейді, сол себепті осылай қыдырады. Ал орталықтар заңсыз жұмыс істейді», – деді ерікті Бағдат Анарбаева.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.