Алматыда карантинді күшейту туралы жаңа қаулы жарияланды
1-курс студенттерiн ерiктi негiзде құрамдастырып оқыту туралы шешім қабылданды
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин режимін күшейтуге бағытталған жаңа қаулыны жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қаулыға сәйкес, екiншi семестрден бастап колледждер мен жоғарғы оқу орындарының 1-курс студенттерiн ерiктi негiзде құрамдастырып оқыту туралы шешім қабылданды. Бұл ретте күшейтiлген санитариялық-дезинфекциялық және маска режимi, әлеуметтiк қашықтық сақталуы керек. Сондай-ақ І-курс студенттеріне жатақханада тұруға рұқсат берілген.
Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң: 1-ден 5-ке дейiнгi (халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін), 9,11 (12) - сыныптарының оқушыларын, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының I-курс студенттерiн тамақтандыруды ұйымдастыру міндеті жүктелген.