Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Жол учаскелері ауа райына байланысты жабылды
Ауа райының бұзылуына байланысты республиканың үш облысында жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазақавтожол компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 қаңтарда боранға байланысты Сарыөзек-Көктал тас жолының 3-80 шақырымында, нақтырақ айтқанда Сарыөзек станциясы - Басши ауылы учаскесінде автокөліктің барлық түрі бойынша қозғалысқа шектеу енгізілді.
16 қаңтарда Алматы облысында ауа-райының нашарлауына байланысты Алматы-Өскемен тас жолының 615-683 шақырымындағы учаскеде барлық көлік түрі үшін жол жабылды.
16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (қатты жел, қарлы боран) Алматы-Өскемен тас жолының 778-967 шақырымдық учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді (Аягөз-Қалбатау).
16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында боран соғып, «Таскескен-Бақты-ҚХР шекарасы» автожолының 84-187 шақырымындағы Үржар-ҚР шекарасы учаскесінде автокөлік құралдарының барлық түрінің қозғалысы шектелді.