БҚО-да екі аптада 572 адамнан коронавирус анықталды
COVID-19 вирусын вахталық ауысым жұмысшылары мен балабақша қызметкерлері көптеп жұқтырған

Батыс Қазақстан облысында 2021 жылдың 1-14 қаңтар аралығында COVID-19 індетінің 572 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда, 269 жағдай ЖРВИ симптомдары бар науқастарды тексеру кезінде анықталды, 156 жағдай инфекция ошақтарын тексеру кезінде байланыста болған адамдарда анықталған. Сондай-ақ 123 жағдай індетті алдын алу мақсатында тексерілгендер арасында анықталса, 24 жағдай стационарларға емделуге жатқызу алдындағы эпидемиологиялық тексеру кезінде анықталған. Байланыста болған 880 адам тексеріліп, медициналық бақылауға алынды.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыс бойынша барлығы 24 645 ПТР зерттеу жүргізілген, орташа есеппен тәулігіне 3 400-ге дейін зерттеу жүргізіледі. Жергілікті зертханалардың қуаттылығы тәулігіне 6 000 зерттеуге дейін жетеді.
«Бөрлі ауданында Бонатти С.П.А. компаниясы қазақстандық филиалы қызметкерлері арасында вахталық ауысымнан шығу алдындағы скрининг кезінде 47 адамнан COVID-19 анықталған.
Сондай-ақ, Орал қаласында 1 балабақша тәрбиеленушісінің коронавирус жұқтырғаны тіркелген. Орал қаласы Бас мемлекеттік санитар дәрігері міндетін атқарушының қаулысымен карантин белгіленіп, балабақша тобының қызметі тоқтатылып, байланыста болған 18 адам (15 тәрбиеленуші мен 3 балабақша қызметкері) медициналық бақылауға алынды», - делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарламасында.
Қаңтар айында мемлекеттік шекарадан барлығы 6 882 адам өткен. ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі көрсетілген анықтамасыз келген 214 ҚР азаматтары карантиндік стационарға жатқызылып, 2 адамнан індет табылған.
Соңғы екі аптада мониторингтік топтар жалпы сомасы 1 295 970 теңгені құраған 26 хаттама толтырған. 7-14 қаңтар аралығында 656 325 теңге сомасына 13 хаттама толтырылған.