ШұғылАналық капитал: депутаттар дүниеге келген әр сәбиге 4,2 млн теңге төлеуді ұсынды

«Елбасы кітапханасы» мемлекеттік мекемесіне жаңа басшы тағайындалды

Бақытжан Темірболаттың соңғы қызметі - Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы

Бақытжан Темірболат, фото: today.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.

2020 жылдың 28 желтоқсанында Бақытжан Темірболат Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Ол 1972 жылғы 10 желтоқсанда дүниеге келген.

Білімі, білігі, мамандығы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Саясаттану мамандығы бойынша тәмамдаған (1998 жылы, аспирантура 2000 жылы). Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

2000 жылы ҚР Президентінің әкімшілігіне жұмысқа шақырылып, Ішкі саясат бөлімінде, Ақпараттық-талдау орталығында, Қауіпсіздік кеңесі хатшылығында консультант, бас сарапшы, сектор меңгерушісі, бас инспектор лауазымдарында қызмет етті.

2007-2018 жылдары ҚР Президентінің кеңсесі бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

2018-2019 жылдары ҚР Президентінің әкімшілігі жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.

2019 жылғы шілдесінен бастап 2020 жылдың 28 желтоқсанына дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы болып жұмыс істеді.

Еске сала кетейік, 14 қаңтарда Мемлекет басшысының өкімімен Әмірхан Рахымжанов «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды.