14.01.2021, 10:08
Жаңалықтар
«Елбасы кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды
Ол бұл қызметке 2019 жылдың 19 наурызында тағайындалған еді
Әмірхан Рахымжанов, фото: ашық дереккөзден
Мемлекет басшысының өкімімен Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды.
Әмірхан Рахымжанов 1960 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бестерек кентінде дүниеге келді. Семей педагогикалық институтын (тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы), Қазақ қаржы-экономикалық институтын (экономист-менеджер) бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылым докторы, профессор.
2008-2010 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары, 2014-2015 жылдары Мәжіліс депутаты болды.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды