ШұғылАналық капитал: депутаттар дүниеге келген әр сәбиге 4,2 млн теңге төлеуді ұсынды

Станислав Канкуров Алматы қаласы мәслихатының хатшысы болып сайланды

Алматы қаласы мәслихатына төрт партияның өкілдері өтті

Қалалық әкімдікте VIІ сайланған Алматы мәслихатының бірінші сессиясы өтті, оның барысында мәслихат хатшысы болып Станислав Канкуров сайланды.

Станислав Владимирович Канкуров бұған дейін Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Оның партиядағы жұмысы кезінде азаматтардың 100 мыңнан астам өтініші қаралып, 70 мыңнан астам отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Еңбек жолын 2005 жылы қарапайым маман ретінде бастаған. Заң мамандығы бойынша Д.Қонаев атындағы университетті және Ломоносов (MBA) атындағы университетті экономика мамандығы бойынша тәмамдайды. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген. 2011 жылдан бастап Алматы қаласындағы Nur Otan партиясында басшылық қызметтер атқарған.

Сондай-ақ сессия барысында Nur Otan қалалық сайлауалды бағдарламасы мен «Алматы-2050» Стратегиясына негізделген 5 жылға арналған аумақты дамыту бағдарламасы бекітілді.

2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлау қорытындысы бойынша Алматы қалалық мәслихатына төрт саяси партия өтті. Оның ішінде: Nur Otan партиясы мәслихатта 29 депутаттық мандат, «Ақ жол» - төрт, «Ауыл» және «Қазақстанның Халық партиясы» - үш мандат алды.

Мәслихаттың тұрақты комиссияларының саны да жаңарды. Егер бұрын олардың саны 6 болса, қазір 7 тұрақты комиссия құрылды. Қала әкімінің ұсынысы бойынша экология, туризм және қоғамдық кеңістікті дамыту мәселелері жөніндегі комиссия қосылды. Стратегиялық жоспарлау, бюджет және тиімділік жөніндегі комиссияны Асқар Білісбеков, Көлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі комиссияны Есенгелді Талбидинов басқарды. Қала құрылысы, тұрғын үй және жерді пайдалану жөніндегі комиссия Максим Финогенов.  Арманжан Байтасов кәсіпкерлікті, инновацияларды, ақпараттық технологияларды және креативті индустрияны дамыту жөніндегі комиссияны басқарды. Сондай-ақ, жергілікті мемлекеттік басқару және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комиссияны Рахат Шимашева, Әлеуметтік-мәдени даму, Жастар және қоғамдық коммуникациялар жөніндегі комиссияны Арман Жүдебаев басқарды. Экология, туризм және қоғамдық кеңістікті дамыту мәселелері жөніндегі жаңа комиссияны азаматтық сектор өкілі Алтынай Көбеева басқарды.

Осылайша, Алматы қаласы мәслихатының тарихында алғаш рет депутаттық мандаттар төрт партияға бөлінді. Құрамның жаңаруы болса 70%-дан асты. Мәслихат хатшысы Станислав Канкуров мәслихаттың ең жас басшысы болып, ал «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясын алғаш рет әйел адам - «Отбасыбанк тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова жетекшілікке алды.