Зейнетақы жинағынан қанша ақша шешуге болатыны туралы ақпаратты енді оңай білуге болады

Автор: Azattyq Rýhy

БЖЗҚ жаңа сервисті іске қосты

Kapital.kz

Салымшыларға ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға болатын жаңа қосымша сервисті іске қосты.

Ол үшін cabinet.enpf.kz/porog порталына өтіп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы келіп түсетін бір реттік пароль арқылы тіркелу қажет.

Бір реттік пароль арқылы тіркелу үшін бар-жоғы бірнеше қадам жасау керек:

  • өзіңіздің ЖСН және ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз;
  • дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге өз келісіміңізді беріңіз;
  • «Кодты жіберу» батырмасын басыңыз;
  • алынған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізіңіз.

Бұл қосымша сервис салымшылар үшін өте ыңғайлы, себебі, ол жеткіліктілік шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді. Жаңа сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді.