$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.01.2021, 09:33
Жаңалықтар

Режеп Тайып Ердоғанға коронавирусқа қарсы вакцина екті

Екпені билеуші партия өкілдері де қабылдаған

Режеп Тайып Ердоғанға коронавирусқа қарсы вакцина екті
aa.com.tr

14 қаңтарда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады. Екпе егуге БАҚ өкілдері қатысып, бұл процедура тікелей эфирде көрсетілді деп хабарлайды «Анадолу».

Түркия көшбасшысына салынған вакцина Қытайда өндірілген CoronaVac екпесі. Оны Sinovac Biotech компаниясы өндіріп шығарған. Daily Sabah агенттігінің мәліметінше, Түркияға дәл осындай 3 доза вакцина жеткізілген.

Ердоған болса Түркия халқы түгел екпе алса деген ниетін білдірді. Жақын күндері елге қытайлық дәрінің 30 миллион дозасы жеткізіледі. Оның айтуынша, қазірдің өзінде коронавирусқа қарсы екпе алған медқызметкерлер саны 300 мыңға жуықтаған.

Айта кетейік, 2020 жылдың желтоқсанында Түркия Ресей өндірген вакциналарды сатып алудан бас тартқан еді. денсаулық сақтау министрі Фахреттин Ходжа орыстар әзірлеген дәрінің медициналық талаптарға сай келмейтінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары