ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

Путин, Әлиев және Пашинян Таулы Қарабаққа қатысты бірлескен шешім қабылдады

Ресей, Әзербайжан және Армения басшылары төрт сағатқа созылған келіссөз жүргізді

 

Таулы Қарабақты дамытуға қатысты Ресей, Әзербайжан және Арменияның жұмысшы тобы 30 қаңтарға дейін алғашқы отырысын өткізетін болды. Бұл туралы үш ел көшбасшыларының Кремльде өткен келіссөзінің қорытындысында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.  

Дүйсенбі күні Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никола Пашинян төрт сағатқа созылған келіссөз жүргізді. Ресей басшысы келіссөзден кейін мәлімдеме жасап, үш елдің вице-премьерлері басқаратын жұмысшы тобы құрылғанын атап өтті. Жұмысшы тобы жақын уақытта Таулы Қарабақты дамыту бойынша жоспар ұсынуы тиіс.   

«Жұмысшы тобы 2021 жылдың 30 қаңтарына дейін алғашқы отырысын өткізеді, соның нәтижесі бойынша негізгі жұмыстар тізімі құрылады. Атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарын жүзеге асыру үшін жұмысшы тобы биліктің құзырлы органдарының лауазымды тұлғалары мен тараптар ұйымдарынан тұратын сарапшылар тобының құрамын бекітеді. Сарапшылар тобы өз кезегінде, жұмысшы тобының отырысынан кейін бір ай мерзім ішінде қажетті ресурстарды негізге ала отырып, басты жобалар тізімін және оларды жүзеге асыру шараларын қабылдап, бекітуге ұсынады», - делінген құжатта.

Жұмысшы тобы 2021 жылдың 1 наурызына дейін тараптардың ең жоғарғы билігіне ұсынуы тиіс іс-шаралардың тізімі мен кестесіне негізінен, транспорттық инфрақұрылымды қалпына келтіру және жаңа нысандарын салу, Әзербайжан мен Армения арасындағы халықаралық тасымалдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сынды мәселелер енгізілмек.