$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.01.2021, 21:17
Жаңалықтар

Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласында және еліміздің алты облысында күн күрт суытады

 

Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Еліміздің бірнеше облысында және Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады. 

12 қаңтар күні түнде және күндіз Нұр-Сұлтан қаласында қар жауып, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерінде бұрқасын, тұман болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерде 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Көкшетауда 12 қаңтарда жаяу бұрқасын, тұман болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15 м/с болады. 

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерде бұрқасын болуы мүмкін. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Петропавл қаласында 12 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%. 

Қостанай облысының кей жерінде тұман, төменгі боран күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, кей жерде 15-20 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.     

Қарағанды облысының кей жерінде тұман, бұрқасын болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерінде 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Қарағанды қаласында күндіз 12 қаңтарда бұрқасын болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 70-75%. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман болуы мүмкін. Орал қаласында 12 қаңтар тұман болады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерде 15-20, түнде екпіні 25 м/с. 

Серіктес жаңалықтары