Интервьюерлер 170 сайлау учаскесінде еxit poll жүргізген
«Астана-Зертеу» қоғамдық қоры Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутатын сайлау күні exit poll жүргізді. Қоғамдық қор интервьюерлері дауыс беріп болған азаматтардан сайлау учаскесінің шыға берісінде жауап алды. Қатысушылар сауалнамадағы дайын қысқа сұрақтарға жауап берді.
Оның нәтижелері мынадай:
Сауалнама еліміздің 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы 170 сайлау учаскесінде күні бойы жүргізілді. Интервьюерлер 102 қалалық және 68 ауылдық жерлерде жұмыс істеді. Барлығы 34 мың сайлаушыға сұрау салынды. Қателік коэффициенті 1,2% құрайды.
Еске сала кетейік, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты жүргізген exit poll қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 71,97 пайыз дауысын иеленді. Ал, «Демократия инстуты» жүргізген еxit poll нәтижесінде «Nur Otan» сайлаушылардың 72% дауысын иеленді.