Ақмола облысы «қызыл аймаққа» енді

Автор: Azattyq Rýhy

Өңір «сары аймақта» небәрі он күн тұрды

Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысы коронавирустың таралуы бойынша бүгін тағы да «қызыл аймаққа» енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Өңір «сары аймақта» небәрі он күн тұрды. Бірақ санитарлық мамандар әзірге шектеу шараларының күшейтілуі жайлы сөз қозғап жатқан жоқ. «Бірнеше күн бақылап барып, әрекет етеміз» дейді олар», - деп жазылған ақпаратта.

Айта кету керек, пандемия басталғалы бері өңірде 7700-ден астам адамнан коронавирус анықталып, олардың 7 мыңға жуығы жазылып шықты.