Сайлаушылардың 63,3 пайызы дауыс берді - ОСК
Қазақстанның барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаушылар тізіміне енген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 пайызы бюллетенін алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 10 қаңтар сағат 22:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетенін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 пайызы алды.
Олардың ішінде: Ақмола облысы - 72,8, Ақтөбеде облысы – 58,8, Алматы облысы – 73,5, Атырау облысы – 56,4, БҚО – 62,4, Жамбыл облысы – 72,2, Қарағанды облысы – 70,7, Қостанай облысы – 71,8, Қызылорда облысы – 73,9, Маңғыстау облысы – 55, Павлодар облысы – 71,3, СҚО – 75,5, Түркістан облысы – 65,8, ШҚО – 72,4, Нұр-Сұлтан қаласы – 45,1, Алматы қаласы – 30,3, Шымкент қаласы – 56,5 пайыз.
Еске сала кетейік, Қазақстанның барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Шетелдегі 56 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда.