Сайлау кезінде конституциялық заң талаптарын бұзған 2 дерек расталды – Бас прокуратура

Қазақстанның барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды

Сайлау кезінде конституциялық заң талаптарын бұзған 2 дерек расталды – Бас прокуратура
Азамат Сарғазин, фото: ortcom.kz

ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин сайлау кезіндегі заңбұзушылық туралы айтты.

«Бұзушылықтар туралы келіп түскен әрбір хабарлама мұқият тексеріледі. Қазір «ҚР сайлау туралы» конституциялық заң талаптарын бұзған 2 факт расталды. Бұл - сайлау алдындағы үгіт-насихатты оған тыйым салынған кезеңде жүргізу және дауыс беру нәтижесін интернет желісінде жариялау», - деді ол.

Азамат Сарғазинның айтуынша, дауыс беру басталған сәттен бастап прокуратура органдарына 2 өтініш келіп түскен. Аталған өтініштер аумақтық сайлау комиссиясына жолданды.

Маңғыстау облысы прокуратурасына әкімшілік қамауға алынған адам көшпелі сайлау комиссиясының құрамында байқаушылардың жоқтығы және олардың қатысуынсыз дауыс беруден бас тарту туралы өтініш білдірген.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасына азаматшадан оны №163 сайлау учаскесіндегі байқаушылар тізімінен негізсіз шығару туралы өтініш келіп түскен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.