Шетелде жүрген 4,5 мыңнан астам Қазақстан азаматы дауыс берді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір Қазақстаннан тыс жердегі 10 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталып, 56 сайлау учаскесінде жалғасып жатыр

көрнекі фото

Шетелде жүрген 4 532 Қазақстан азаматы дауыс берді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев айтты.

«Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі. Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде жалпы алғанда 4 532 Қазақстан азаматы дауыс берді. Түрлі уақыт белдеулерінде орналасуын ескере отырып, Жапония мен Корея Республикасында жүрген азаматтар бірінші болып дауыс берді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, қазір 10 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Қалған 56 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр. Соңғы болып 11 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы сағат 07:00-де АҚШ мен Канадағы қазақстандықтар дауыс береді.