Сархат Бейсенова декрет демалысына кеткенге дейін елорданың бас санитария дәрігері қызметін атқарған
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитария дәрігері және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы болып Сархат Бейсенова тағайындалды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сархат Бейсенова 2020 жылдың мамыр айында декрет демалысына кеткенге дейін елорданың бас санитария дәрігері қызметін атқарған. Одан кейінгі уақытта осы лауазымда Жанна Пірәлиева істеді», - деп атап өтті баспасөз қызметінің басшысы Ақмарал Олжабаева.
Ал Жанна Пірәлиева департамент басшысының эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне кірісті.