БАӘ арқылы Алматы қаласына ұшып келген Түркия азаматы депортацияланды
9 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 13 халықаралық әуе рейсімен 1 769 қазақстандық жолаушы келді. Олардың ішінде 1 522 жолаушыда теріс нәтиже көрсетілген ПТР-анықтама болса, 247 жолаушыда тиісті анықтама болмаған.
Оның ішінде:
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-тест тапсырды және карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 8 қаңтарда ПТР-анықтамасыз келген 229 адамның арасынан Ысанбұлдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.
Сонымен қатар, БАӘ арқылы Алматы қаласына ұшып келген Түркия азаматы ПТР-анықтамасы мерзімінің өтіп кетуіне байланысты депортацияланды.