Талдықорғанда әйелдер мен балаларға қарсы жасалатын зорлықтың алдын алуға бағытталған республикалық конференция өтті
Қазақстанда он айдың ішінде 2 мыңға жуық кісі зорлау фактісі тіркелген. Бұл туралы Талдықорғанда өткен әйелдер мен балаларға қарсы жасалатын зорлықтың алдын алуға бағытталған республикалық конференцияда айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Сарапшылардың пікірінше, Парламентте қаралып жатқан сексуалдық тұрғыдағы зорлық жасаушыларға қолданылатын жазаны қатаңдату туралы заң жобасы қабылданса, бұл көрсеткіш барынша азаяды.
БҰҰ-әйелдер құрылымының қазақстандағы бағдарламалық маманы Салтанат Мұстафинаның айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықты тыю арқылы көптеген ауыр қылмыстардың алдын алуға болады.