$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.11.2019, 22:43
Жаңалықтар

ҚР СІМ Гонконгте жүрген қазақстандық студенттерге үндеу жариялады

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Гонконгте ұсталған Әбілқайыр Нұқпиевке әлі айып тағылған жоқ 

ҚР СІМ Гонконгте жүрген қазақстандық студенттерге үндеу жариялады
Фото: ашық дереккөзден

Сыртқы істер министрлігі Гонконгте жоғары оқу орындарының жұмысы уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy  тілшісі sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, осыған байланысты Қазақстанның 209 студенті елге оралды. Ал 32-сі қалуға шешім қабылдады.

«Барлық студентке айтарымыз, келесі жылдың қаңтар айына дейін оқу онлайн режимде ұйымдастырылады немесе қашықтан оқыту жүйесі арқылы жүргізіледі. Біз барлық студентпен байланыс орнатып отырмыз. Негізі Гонконгте төтенше жағдай жарияланған жоқ. Сондықтан біздің үндеуміз тек студенттерге ғана арналады. Өйткені оқу уақытша тоқтатылды. Басқа азаматтарымыз жүре берсе болады. Бірақ қауіпсіздік шараларын барынша сақтау қажет», - деді Смадияров.

Оның сөзіне қарағанда, Гонконгте ұсталған Әбілқайыр Нұқпиевке айып тағылған жоқ. Тергеу шаралары жалғасуда.

«Біздің дипломаттарымыз оған бірнеше рет барып келген. Оның ешқандай шағымы жоқ. Адвокат өз жұмысына кірісті. Тергеу жүріп жатыр. Әлі айып тағылған жоқ. Сосын қазақстандық студенттер қауымдастығының мүшелері де оған барып, қажетті киім-кешегін апарып берді. Ал ата-анасы Гонконгке жетті», - деді Смадияров елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, 18 қарашада Гонконгте болған тәртіпсіздіктер кезінде Қазақстан азаматы Әбілқайыр Нұқпиев ұсталған болатын. Ол – Баптист университетінің бірінші курс студенті. Ал Әбілқайырдың достары оның тәртіпсіздіктерге қатыспағанын мәлімдеді. Сол күні құқық қорғаушылар университет кампусына кіргенде Әбілқайыр көп адамның арасында болған. Сөйтіп, барлығымен бірге қамауға алынған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ҚР СІМ #Гонконг