4 қаңтарда елімізге анықтамасыз 162 ҚР азаматы келген
Шетелден ПТР-анықтамасыз келген 6 қазақстандықтан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
2021 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, Түркия, БАӘ, Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді.
815 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 653 адам, анықтамасыз 162 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 3 қаңтарда анықтамасыз келген 532 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша 6 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 3 жолаушы Дубай – Алматы рейсімен, 2 жолаушы Мале – Алматы рейсімен, 1 жолаушы Стамбул – Алматы рейсімен келген.