ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1800-ден астам адамнан коронавирус анықталды

Медициналық маскалардан қауіпті у анықталғаны рас па?

Telegram-арналарда маскалардан қауіпті у – анилин табылғаны туралы хабарлама тарады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтар Telegram-арналарда Германияда медициналық маскалардан қауіпті у – анилин табылғаны туралы хабарламаларды талқылап жатыр. Пайдаланушылардың пікірінше, мұндай қорғаныс құралдарын пайдалану өте қауіпті және көптеген аса ауыр ауруларды тудыруы мүмкін. Бұл – манипуляция, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Біріншіден, анилин Viral Protect компаниясының M және L өлшемді қара маскалардың бір ғана партиясынан табылды. Бұдан басқа, өндірушінің ассортиментінде анилин жоқ басқа да модельдер бар. Өндіруші фирманың барлық атаулары сертификатталған және қауіпсіздікке тексерілген. Дегенмен, ықтимал қауіпті партия сатылымнан алынып тасталды. Айта кетерлік жайт, химиялық заттардың шамадан тыс екендігін растайтын сараптама әлі жүргізілген жоқ. Сондықтан маскалардың шынымен улы болған деп айта алмаймыз. 

Екіншіден, анилин – бұл, шынымен, улы зат, жоғары концентрацияда ол орталық жүйке жүйесіне теріс әсер етуі мүмкін. Алайда, өндірісте аз мөлшерде және қажетті сақтық шараларын сақтай отырып, кеңінен қолданылады. Анилинді резеңке, гербицидтер мен бояғыштар шығару үшін пайдаланады. Айта кетейік, онымен бояғыштармен әртүрлі маталардан тігілген киімдерді бояйды. Сондай-ақ, джинсыға арналған бояғыштарда жиі кездеседі. Аналинге негізделген бояғыштар қарапайым дүкендерде сатылады және үйде қолдануға жарамды. 

Тәркіленген маска партиясы жасалған материал дәл осындай бояумен боялған болуы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандардың нәтижесінде, медициналық маскалар аса қауіпті деген қауесеттер асыра сілтеушілік деуге болады. Анилин масканың нақты моделінің бір партиясында екі өлшемде ғана анықталған. Оның үстіне, зат мөлшерінің рұқсат етілген нормадан асып кеткен-кетпегендігі белгісіз.