49 пациенттің жағдайы өте ауыр
Қазіргі уақытта ел бойынша 22 710 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның 288-інің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
4 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 710 адам короновирус инфекциясынан (10 533 КВИ+ және 12 177 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 132 пациент стационарда, 17 578 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 288 адамның жағдайы ауыр;
• 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.