ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

Қытай коронавирустың шығу тегіне қатысты зерттеулерді мемлекеттік құпияға жатқызды

Зерттеу нәтижелерін жарияламас бұрын оны Қытай үкіметінің жанындағы арнайы комиссия тексереді

Фото: ашық дереккөзден

Қытай билігі коронавирустың шығу тегі туралы зерттеулерді мемлекеттік құпияға теңестірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Associated Press агентігіне сілтеме жасап.

Үкімет COVID-19-дың шығу тегін зерттеу үшін ғалымдарға гранттар бөліп жатыр. Дегенмен, билік зерттеу қорытындыларын бақылауда ұстап, нәтиже жарияланбас бұрын оны Қытай үкіметінің жанынан құрылған арнайы топтың мақұлдауына жібермек. Агенттіктің хабарлауынша, қытай билігі халықаралық ғалымдармен серіктестік жасауға да кедергі жасап отыр. 

Естеріңізге сала кетсек, COVID-19 алғашқы жағдайы 2019 жылы желтоқсан айында анықталған еді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа вирустың жарқанаттаржан тарағанын, бірақ адамға басқа жануарлар арқылы жұққанын мәлімдеген еді.