Ресейде бір тәулікте 26 мың адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бір күнде коронавирустан 447 адам көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден

Ресейде бір тәулікте 26 мың адамнан коронавирус анықталды. Жалпы, мемлекетте коронавирус жұқтырғандар саны 3 млн 212 637-ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

«Бір тәулік ішінде Мәскеуде коронавирус жұқтырған 5 452 жағдай тіркеліп, ауру жұқтырғандардың жалпы саны 821 128-ге жеткен. Ал Ресей бойынша коронавирустан көз жұмғандар саны бір тәулік ішінде 447-ге өсіп, жалпы саны 58 002 адам көз жұмған», - деп жазылған хабарламада.