ШұғылАналық капитал: депутаттар дүниеге келген әр сәбиге 4,2 млн теңге төлеуді ұсынды

3 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Фото: ашық дереккөзден

3 қаңтар күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің батысы мен шығысында қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, оңтүстік пен батыста желдің күшеюі, жаяу бұрқасын болжанады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысында сондай-ақ жаяу бұрқасын болады.

Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Батыс Қазақстан облысында сондай-ақ жаяу бұрқасын болжанады.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Ақмола, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты аяз күтіледі.