Сонымен қатар Шымкент қаласында да ескерту жарияланды
Қазақстанның 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. -32-37, кей жерлерде -42 градусқа дейін қатты аяз болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады.
Таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыс, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шымкент қаласында 3-4 қаңтар күндері тұман сақталады.