ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Нұр-Сұлтанда мереке күндері 70 адам жиналған ресто-бар анықталды

Мереке күндері астаналық кафе-барлар түні бойы жұмыс істеген

Фото: баспасөз қызметінен

Нұр-Сұлтан қаласында мобильді топ мереке күндері кафе-бар, мейрамханаларда рейд жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2 қаңтар түнде елорда полицейлері бірнеше нысанды аралады. Мысалы түнгі 02:32 кезінде «CABERA» мейрамханасы жұмыс істеп тұрған. Сондай-ақ осы түні сағат 00:57 шамасында «QUARTET» караоке клубында қонақтар көңіл көтеріп отырғаны анықталды. Караоке клубқа жиналған халықтың саны 30-дан асып кеткен. Материалдар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды», - деп жазылған хабарламада.

Нұр-Сұлтан полицейлері 2 қаңтар түнде тағы «TEQUILA» және «PeiZdes» ресто-барына бас сұғып, тексеру жүргізді. Алғашқысында түннің бір уағында 70 адам сауық-сайран құрып отырса, екіншісінде 30-дан астам қонақ болған. Екі мекемедегі карантин бұзу фактілері бойынша қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шара қолданады.