$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.01.2021, 22:58
Жаңалықтар

Түркістанда бір айда карантин талаптарын бұзған 80 жағдай анықталды

Мәселен, қала тұрғыны мейрамханалардың бірінде 30 адамға ұжымдық іс-шара өткізген

Түркістанда бір айда карантин талаптарын бұзған 80 жағдай анықталды
Фото: polisia.kz

Түркістан қаласының полицейлері бір айдың ішінде карантин талаптарын бұзудың 80 жайтын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы карантинге байланысты күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Қала, аудан аумағында күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстар, оның ішінде адам көп жиналатын басқосулар, той-жиындар, іс-шараларды өткізуге тыйым салу мен қауіпсіздік шараларын қадағалау жұмыстары жүргізілуде. 

«Рейд жұмыстары барысында Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері мобильдік топпен бірге желтоқсан айында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша 80 құқықбұзушылықты анықтады», - деп жазды Polisia.kz.

Мәселен, Түркістан қаласының тұрғыны мейрамханалардың бірінде 30 адамды шақырып, ұжымдық іс-шара өткізген. Аталған жайтқа сәйкес полицейлермен мейрамхана меңгерушісі мен той иесіне қатысты заң аясында шара көрілді. 

Серіктес жаңалықтары