$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.09.2019, 17:27
Жаңалықтар

Тоқтар Төлешовтен 1,2 миллиард теңгенің мүлкі өндірілді – прокуратура

Прокуратура сот үкімінің соңына дейін орындалуын бақылауына алды

Тоқтар Төлешовтен 1,2 миллиард теңгенің мүлкі өндірілді – прокуратура
Фото: total.kz

«Мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болды», «Билікті күшпен басып алмақ болды» деген сияқты әртүрлі айыптар тағылып, 21 жылға сотталған белгілі кәсіпкер, «Шымкентсыра» зауытының иесі Тоқтар Төлешовтен Шымкент қалалық прокуратурасы мемлекет пайдасына 1 млрд 215 млн теңге өндіріп алған.

Шымкент қаласы прокуратурасының ресми сайтында хабарлағандай, мемлекеттік сот орындаушысы 2017 жылдан бері Тоқтар Төлешовтен мемлекет пайдасына 1 млрд 400 млн теңге өндіруі керек болған.

«Іс-құжаттарды зерделеу нәтижесінде ЖШС-нің жарғылық капиталындағы активтері ретінде берілген борышкер Тоқтар Төлешовке тиесілі мүліктері анықталды. Алайда аталған мүліктерінен өндіруді ұзақ уақыттан бері жүзеге асыра алмаған. Қала прокуратурасының тікелей араласуымен мемлекеттік сот орындаушы аталған мүліктерге бағалау жүргізді. Нәтижесінде соттың ұйғарымы бойынша олар мемлекет пайдасына берілді. Атқару өндірісінің аясында сотталушыға қатысты үкім орындалып, жалпы сомасы 1 млрд 215 млн теңгені құрайтын борышкер мүлкінің бюджетке түсуі қамтамасыз етілді. Сот үкімінің әрі қарай орындалуы прокуратураның бақылауында болады», - делінген аталған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы «Шымкентсыра» зауытының бұрынғы қожайыны Тоқтар Төлешов Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпты деп танылып, 21 жылға бас бостандығынан айрылды. Тергеу мәліметтеріне сенсек, ол сыбайластарымен сөз байласып, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған. Бұл әрекетіне ұзақ жылдар бойы дайындалған да көрінеді. Сонымен қатар, ірі көлемде қару-жарақ және есірткі заттарын сақтап, қарақшылық шабуылдар ұйымдастырған. Сот үкімі шыққаннан кейін Төлешовке тиесілі болған бірнеше зәулім үй мен автокөлік мемлекеттңғ меншігіне қайтарылды.

Арай Есенбек, Шымкент

Серіктес жаңалықтары