Өткен тәулікте 212 қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз оралды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір олар арнайы стационарға жатқызылды

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте республика аумағына Корея, Мальдив, Египет, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елге 1 мың 960 қазақстандық оралды. Оның ішінде 1748 адамда ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар. Ал 212 жолаушыда тиісті анықтама болмаған. Атап айтсақ, Алматы қаласының әуежайына 168, Нұр-Сұлтанға 6, Қостанайға 38 авиажолаушы анықтамасыз келді. Қазір олар арнайы стационарға жатқызылды.

Айта кетейік, 28  желтоқсанда елге оралған 83 азаматтың ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.