$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2020, 23:48
Жаңалықтар

«ҚазАгроның» бұрынғы басқарушы директоры 10 жылға сотталды

Ол тауар өндірушіге тиесілі 200 мың долларды ұрламақ болған 

«ҚазАгроның» бұрынғы басқарушы директоры 10 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен «ҚазАгро» холдингінің бұрынғы басқарушы директоры – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма мүшесі А.А.Қамшымбаев кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Ол Ақтөбе облысында орналасқан кепіл элеваторын сатып алу кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге тиесілі 200 000 АҚШ долларын ұрлауға және пара беруге итермелеуге әрекеттенген. Осы үкіммен Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты А.И.Булатов қаржы жымқыруда сыбайлас деп танылып, оған 5 жылға шартты жаза тағайындалды», - деп жазылған ақпаратта.

Сонымен қатар «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ қарыздарды өндіріп алу департаменті директорының орынбасары Б.Н.Рахимов заңсыз сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығы шектелді (бұрын тағайындалған «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын ескере отырып). Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары