ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 142 адамнан коронавирус анықталды

Бір күнде бес бала ыстан уланды

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға пешке от жағу ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді

Фото: ашық дереккөзден

22 қараша күні Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында 6 адам, соның ішінде 5 бала ыстан уланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап. 

Алматы облысының Талғар қаласында екіқабатты көппәтерлі тұрғын үйде көмір жағылатын пешті пайдалану ережелерін сақтамау (мұржасы тазаланбаған) салдарынан 9, 6, 4 және 2 жастағы балалар көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға түсті. Олар дәрігерлердің бақылауында. 

Ал СҚО Тимирязев ауданының Сулы теміржол станциясында жеке тұрғын үйде пешті пайдалану ережесінің сақталмауынан 34 жастағы әйел мен оның 11 жастағы қызы ысты газдан уланып, күйік шалған. 

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға пешке от жағу ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді. Әрі пештің дәл жанында отын, киім және басқа да жанғыш материалдарды кептірмеуге, пешті шамадан тыс қатты қыздырмауға және қараусыз қалдырмауға, пешті және мұржаны үнемі бақылап, кем дегенде үш айда бір рет тазалап отыруға шақырады.